Мектеп алды тобындағы логопедтің сабағы.

Тақырыбы: Жомарт күз.

Логопед: Досмагамбетова М.Е.

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын байыту және нақтылау. Сөйлеудің грамматикалық құрылымын қалыптастыру.

Тапсырма:

Түзету-білім беру: Сөз құрастыру және икемдеу дағдыларын нығайту. Объектілерді жіктеу қабілетін бекіту; сұрақтарға толық сөйлеммен жауап беру, дұрыс жазу.

Түзетушілік- дамытушылық: Есту және көру зейінін, есте сақтау қабілетін, зейінін дамыту. Жалпы және ұсақ моториканы дамыту; сөйлеуді, ырғақты, қимылды үйлестіру мүмкіндігін дамыту.

Жеке дағдыларын дамыту: белсенділікті, қызығушылықты, тәуелсіздікті, бір-біріне деген ізгілікті қатынасты, топта жұмыс істеу білуді қалыптастыру.

Жабдықтар: көкөністердің, жемістердің, жидектердің, бидайдың суреттері; көкөністер мен жемістердің муляждары, себет; түрлі ағаштардың жапырақтары. Әр балаға айна, кішкентай үйеңкі жапырақтары.