«Алтын балықпен бірге балықтар патшалығына саяхат». «Балықтар әлемі» тақырыбында дәстүрден тыс сурет салу техникасы.

23.07.2026

https://www.instagram.com/reel/DbFj6yhO8Bi/?igsh=MWEwazhnajNlb2c4bQ==Балалар бүгін «Алтын балықпен бірге балықтар патшалығына саяхат» атты қызықты шығармашылық оқу қызметіне қатысты. Саяхат барысында тәрбиеленушілер балықтардың тіршілік ортасы, олардың ерекшеліктері мен су асты әлемінің әсемдігі туралы білімдерін толықтырды.

Балалар дәстүрден тыс сурет салу техникасын пайдаланып, түрлі-түсті балықтардың бейнесін шығармашылықпен орындады. Жұмыс барысында олардың қиялы, ұсақ қол моторикасы, эстетикалық талғамы мен шығармашылық қабілеттері дамыды.

Сабақ соңында әр баланың жұмысы ерекше болып шықты. Балалар өз туындыларын қызығушылықпен таныстырып, «Балықтар әлемі» атты әсем көрме ұйымдастырылды.

Просмотров: 1300


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу