"Күз береке-күз мереке"
13.10.2026
https://www.instagram.com/reel/Dd350J9OSWX/?vrfl=cG1zbjB2bHMwZmdw«Күз береке – күз мереке» мерекесі бойынша қорытынды хат
Мерекенің мақсаты
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылындағы «Балауса» бөбекжайында 2026 жылғы 22.23 қыркүйекте «Күз береке – күз мереке» атты күзгі мереке өтті.
Мақсаты: балаларды күздің ерекшеліктерімен, табиғаттағы маусымдық өзгерістермен және күздің молшылығымен көкөніс, жеміс, астық таныстыру болды.Сонымен қатар еңбекке, табиғатқа деген сүйіспеншілікке және ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Балалардың шығармашылық қабілетін, сахнада өзін еркін ұстау дағдысын дамыту және мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Мерекенің барысы
Мерекеге ортаңғы және ересек топтардың тәрбиеленушілері қатысты. Мерекені музыка жетекшісі мен топ тәрбиешілері дайындады.Мерекеге барлық 12 топ тәрбиеленушісі қатысты.
Мереке сахналық көрініс ретінде өтті. Кейіпкерлер — Күз ана, Алтын жапырақ, жемістер мен көкөністер. Бағдарламада:
- Күз туралы өлеңдер мен тақпақтар (қазақ және орыс тілдерінде).
- Күз туралы әндер мен билер: «Жапырақтар биі», «Көкөністер биі».
- Күз туралы жұмбақтар шешу.
- Ойындар: «Егін жинау», «Көкөніс пен жемісті ажырат».
- Сахналық көрініс және дастархан — күз сыйлығынан дәм тату.
Балалар берілген тапсырмаларды белсенді орындады. Өлеңдерді жаттап, әндерді таза әуенмен орындады, би қимылдарын музыка ырғағына сәйкес жасады.
Ата-аналардың қатысуы және көрме,жәрмеңке.
Мереке ата-аналардың белсенді қатысуымен өтті. Ата-аналар балаларға кейіпкерлердің киімдерін дайындауға көмектесті.
Бөбекжай фойесінде ата-аналар мен балалардың бірлесіп жасаған «Күз сыйлығы» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге көкөністер мен табиғи материалдан жасалған қолөнерлер қойылды.
Ең әдемі жұмыстар алғыс хатпен марапатталды.
Бөбекжайдың ауласында МАД «Балдырған» тобының ұйымдастыруымен күзгі жәрмеңке өтті.Балалар өздері сатушы болып. Ата аналар сатып алушы ролінде танылды,жиналған қаржыға «Балдырған» тобы топқа дамытушы-танымдық ойыншық сатып алды,Осылайша балалар тынымсыз еңбектің соңы береке-ырзық екенін түсінді. «Еңбекпен тапқан нан тәтті"
Қорытынды
Мереке жоспар бойынша жоғары деңгейде өтті, қойылған мақсатқа жетті. Балалар күз белгілері мен күз сыйлығы туралы білімдерін бекітті, өнерлерін көрсетті, мерекелік көңіл-күй алды.