Жас мамандармен жұмыс

12.10.2026

https://www.instagram.com/p/DeZBqloDsda/?img_index=3&cplk=bGRqNzVlZXlsMDliҚазан айында жас және жаңадан келген мамандардан сауалнама алынды. Сауалнаманы педагог-психолог маманы өткізді.

*Мақсаты:* жас мамандардың кәсіби дайындық деңгейін, жұмыстың алғашқы кезеңінде кездесетін қиындықтарын және әдістемелік көмекке деген қажеттілігін анықтау.

 

 

Құжаттаманы жүргізу бойынша жас мамандар ең алдымен перспективалық жоспар мен циклограмма құруда, баланың даму картасын толтыруда және мониторинг жүргізуде қиналатынын айтты. Сондай-ақ ұйымдастырылған іс-әрекетті жоспарлау және өткізу, режимдік сәттерді ұйымдастыру, балалардың тәртібін басқару, ата-аналармен қарым-қатынас орнату мәселелері бойынша көмек қажет екені белгілі болды.

Әдістемелік көмектің ішінен жас мамандар жеке кеңестерді, тәлімгердің ұйымдастырылған іс-әрекетін тамашалауды, практикумдар мен шеберлік сыныптарын тиімді деп санайды. Тәлімгерден күтетіні – тұрақты қолдау, нақты үлгі көрсету, құжаттарды рәсімдеуге көмек.

*Қорытынды:* сауалнама нәтижесі жас мамандардың педагогтік жұмысқа деген қызығушылығы жоғары екенін, бірақ құжаттаманы жүргізуде, тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыруда және ата-аналармен жұмыс істеуде жүйелі әдістемелік қолдауды қажет ететінін көрсетті.

Просмотров: 141


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу